Хабар телеарнасы

Алматы әуежайы қаладағы жағдай реттелгенге дейін ашылмайды

Алматы әуежайы қаладағы жағдай реттелгенге дейін ашылмайды

Бұл жайында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді.

Бұған дейін Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев Алматы халықаралық әуежайын басып алуға 800 қылмыскер қатысқанын айтты. Ұшып кетуге тиіс 60 рейс пен ұшып келуге тиіс 56 рейс тоқтатылған.

Салдарынан Қазақстанның 170-ке жуық азаматы Ресей әуежайларының транзиттік аймағында қалып қойды. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев мәлімдеді.

Әуекомпаниялар жолаушыларға рейстердің өзгеруі туралы алдын ала ескертіп жатыр. Және жолаушыларда таңдау бар, олар не билеттің бағасын қайтарып алады, не Алматыға емес, Нұр-сұлтанға ұшады. Жалпы ел аумағы бойынша 9 қаңтардағы жағдай бойынша сыртқы бағытта жоспарланған 38 әуе рейсінің 29-ы тоқтатылды.