Абай облысындағы орман өртін сөндіруге қосымша күш жұмылдырды
Төтенше жағдайлар Министрлігі Абай облысындағы орман өртін сөндіруге қосымша күш жұмылдырды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. Атап айтсақ, Алматы қаласынан және Алматы, Жетісу, Қарағанды облыстарынан өрт сөндірушілер оқиға орнына жетті. Қазіргі уақытта өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігі, Орман шаруашылығы комитеті, жергілікті атқарушы органдар және Қорғаныс министрлігінен бас-аяғы 800-ден астам адам мен 200-дей техника атсалысып жатыр. Сондай-ақ 8 тікұшақ әуеден су төгіп жатыр.