Абай облысындағы өрт аумағы ұлғайған жоқ
Алайда жалын ошақтары көп. Бұл бүгінгі космо-мониторинг барысында анықталған мәлімет. Төтенше жағдай жарияланған өлкедегі соңғы ақпараттар қандай?
Эльмира Ахметова, тілші:
- Өртті өршітіп тұрған негізгі фактор – екпінді жел болып тұр. Түнгі салқында жалын бәсеңдеп қалса, таң атысымен жел тұрып қайта жалаңдап кетеді.
Соңғы мәліметтер бойынша «Семей орманы» резерватының орта тұсы мен шығыс жағында ахуал қиынырақ. Жалын қатты. Дегенмен өрт сөндірушілер от шарпыған аумақтың үлкейіп кетпеуі үшін жанталасып жүр. Яғни өртеніп жатқан аумақ 60 мың гектардан азайып, 43 мыңға түскен еді. Сол мөлшерде тұр. Әзірге енді Успен ауылына қатер төніп тұрған көрінеді. Сондықтан эвакуация болуы мүмкін ол жақта.
Эльмира Ахметова, тілші:
- Менің қасымда қазір көршілес ШҚО облысы ТЖД аға маманы Жадыра Аманғалиқызы тұр.Сұрақ мынадай боп тұр, Жадыра,осы бастапқыда жалын Таврияға қарай ығысып барады деген ақпарат берілді. Бұл рас па, Таврия енді Өскемен жақта емес пе?
Жадыра Аманғалиқызы, облыстық ТЖД аға маманы:
- Жоқ, Эльмира. Меніңше ауылдың атынан шатасып кетіп, айтылған сияқты. Өйткені Таврия жақ тыныш. Ешқандай өрт жоқ. Қауіп те жоқ. Өскемен жақта болса біз білер едік қой. Содан соң жаңа Успен ауылы эвакуациялануы мүмкін дедіңіз. Иә, сондай болжам болған екен. Бірақ әріптестеріміз ауылды жалынан қорғады. Қазір қатер сейілді. Біз сол жақты көріп келеміз. Эвакуацияға қажеттілік жоқ деп санаймыз.
Эльмира Ахметова, тілші:
- Құтқарушылар Таллица ауылына да жалынды жібермеді. Орманнан шыққан өртті далалы алқапта сөндіріп үлгерді. Жалпы осы күндері әуеден 777 рет су шашылған, барлығы 2 мың тонна.