Мәсімов 10 жылға сотталды
Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімов 10 жылға сотталды. Бүгін Павлодардың ауданаралық сотында өңірдің экс бас полицейіне қатысты осындай үкім шығарылды. Бұған дейін прокурор Мәсімовті 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын. Ол аса ірі көлемде пара алып, ақша жымқырды деп күдікке іліккен. Ал іздеу салынғаннан кейін шекараны заңсыз кесіп өтпек болған. Сот Нұрлан Мәсімовтен бөлек оның орынбасары Дамир Сиразидимов пен кәсіпкер Евгений Евковичті 8 және 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.