Павлодар облысындағы кен орында екі адам көз жұмды
Павлодар облысында төтенше жағдайдан зардап шеккен екі азамат іздестіріліп жатыр. Кеше түнде «Майқайың-алтын» кенішінің тазарту кеңістігіне жолаушылар мінген автобус құлап кеткен. Шыңыраудың тереңдігі — 150 метр. Апат кезінде автобуста төрт адам болған. Екі азаматтың денесі табылды. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Оқыс оқиға бойынша жедел штаб құрылған. Шахтадан 33 адам эвакуацияланды. Олардың өміріне қауіп жоқ. Құтқару жұмыстарына кәсіпорынның авариялық-құтқару қызметі, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері жұмылдырылған.