Петропавлда қалың қардан көпқабатты үйдің шатыры құлады
Оқыс оқиға өткен демалыс күндері болған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Қазір сарапшы мамандар төбені тексеріп, шығын көлемін есептеп шығарды.
Бұл үй өткен ғасырдың 80 жылдары салынған. Содан бері бірде-бір рет жөнделмеген төбе жабындысы жауған қарға шыдас бермей, ағаш тіреуіштері сынып кеткен. Енді тұрғындар оны өздері немесе мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы арқылы қалпына келтіре алады.
Әсем Айтұлова, қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы:
- Тұрғындарға жаңағы модернизация бағдарламасы бойынша шатырды жөндеу ұсынылады. Егерде бағдарламаға қатысуға келісім берсе, онда жуық арада, жақын күндері жаңағы ремонт жұмыстары басталатын болады.