Бір айда 15 бала жол апатынан мерт болды
Олардың он екісі көлікте көз жұмғандар.
Көңіл көншітпейтін статистикасын Ішкі істер министрлігі бөлісті. Осыған орай тәртіп сақшылары қазақстандықтардан жол қозғалысы ережелерінің барлық талаптарын сақтауын сұрап отыр. Әрі балалардың жолдағы қауіпсіздігін арттыру мақсатында «Сіздің жолаушыңыз – бала!» атты акцияны бастады.
Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
- Соңғы 2 аптада ел аумағында 175 мың жол ережесін бұзу фактісі тіркелді. Осы орайда ауа райының нашарлауына байланысты жолда мұқият болған жөн деп айтқым келеді. Біз жол ережелерін сақтай отырып, жақындарымыз бен өзіміздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз ете аламыз.