Хабар телеарнасы

Қызылордада газ баллоны жарылды: 4 бала ауруханаға түсті

Қызылордада жер үйде газ баллоны жарылып, 4 жасөспірім ауруханаға түсті. Қазір олар түрлі деңгейдегі дене жарақатымен жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың өміріне қауіп жоқ. Әл-Фараби шағынауданында болған оқыс оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мән-жайды анықтап жатыр.

Олжас Құрбанбаев, облыстық балалар ауруханасының дәрігері:

- Әрқайсысының күйігі әртүрлі. Біреуінікі 60, 70, 79% сияқты әртүрлі. Ол жерде күйген көлемі таңу барысында есептеледі. 4 баланың әсіресе бас аймақтары қатты күйген. Жалыннан күйген газдың. Олар тереңдеу болады.  

Нұрсұлтан Ибрагимов, облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы:

- Бір жасөспірім 2009 ж, 3 жасөспірім 2010 жылғы 9 сыныпта. Қармақшы ауданы Ақжар ауылдық округінің оқушылары тергеу амалдарының барысында анықталып жатқаны Қызылорда қаласына суға түсуге келген ата-аналарынсыз. Суға түсуге келіп, пәтерге орналасу барысында осындай жағдай болып тұр.