Шымкенттегі психдиспансерде емделген екі қыз жәбір көрген
Шымкенттегі психикалық денсаулық орталығында емделген екі қыз жәбір көрген.
Науқастарға зорлық-зомбылық жасады деген күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Екі бірдей адам сот санкциясымен қамауға алынды. «Шизофрения» диагнозы қойылған 17 жастағы жәбірленушінің анасы полицияға арызданып, қызының жүкті болып қалғанын айтқан. Қазір тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Батыр Мырзагелдиев, аудандық полиция басқармасының бастығы:
- Психиатриялық емханадағы зорлау туралы арыз бойынша полициямен қылмыс қозғалған. Қазіргі таңда кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Күдікті екі тұлға сот санкциясымен қамауға алынды.