Депутаттар өңірде реформалардың іске асуын назарда ұстауы тиіс. Аймақтарда мәслихаттардың рөлін арттыру қажет. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев бұл туралы жергілікті өкілдік органдармен, өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес отырысында айтты. Қазіргі таңда басқару жүйесін орталықсыздандыру мәселесіне үлкен мән беріліп отыр. Осы бағытта жүргізілген әкімшілік реформалардың нәтижесінде Үкіметтің 500-ге жуық функциясы орталық мемлекеттік органдарға берілді. Сондай-ақ Сенат жергілікті мәслихаттармен өзара байланысты арттыра түспек. Осы бағытта «Өңір» депутаттық тобының құрамы жаңартылды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы: - Біз бірге жұмыс істеуіміз керек, нәтижелі жұмыс істеуіміз керек. Проблемалар болса, оларды жасырмай айтуымыз керек. Түйткілдерді көтеріп, олардың шешілуіне жұмыс істеуіміз керек. Осындай жиындарды пайдалануымыз керек.