Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

  • 21
  • 08.09.2025, 14:12

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. 

Мемлекет басшысы жолдаудың әлқиссасын халықаралық қатынастарда қалыптасқан күрделі ахуалдан бастады. Геосаяси және жаһандық экономикадағы қайшылықтардың қиғаштығы соншалық, Президент сөзін сенсациялық мәлімдемемен бастады. Шиеленістерді шешу мәселесінде БҰҰ-ң өзі қауқарсыз. Бұл өз елімізді дамыту ісінде босаңсуға болмайды деген емеурін. 

Мемлекетті жаңғыртудың өзегі цифрландыру. Президент пікірінше Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет. Ол үшін әуелі цифрландыруға негіз болатын Цифрлық кодекс қабылдауды тездету қажет. Сол секілді ілгері дамудың локомотиві Инвестиция десек, әлемде оған талас күшейді. Президент Үкіметке Инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғырту бойынша жаңа іс-шаралар жоспарын қабылдауды тапсырды. Тағы бір айтулы ақпарат. Жаңадан салынып жатқан Алатау қаласы ел дамуының айнасы болмақ. 

Өңдеу өнеркәсібін жаңа деңгейге шығаратын уақыт келді. Былтыдың өзінде осы салада 163 кәсіпорын іс қосылып, 12,5 мың жұмыс орны ашылған. Алайда бұл ілкімді істердің басы ғана болуы тиіс. 

Ауыл шаруашылығы  Стратегиялық сала. Өнім өндіру бір мәселе, оны өткізу басқа міндет. Осы ретте енді агрохабтар мен логистикалық орталықтарды дамыту міндеті мен мұндалайды.

Президенттен тағы бір сенсация. Келесі жылы референдум өткізуге ұсыныс тасталды. Әңгіме Қос палаталы парламентті бір палаталы ету һақында. Бұл мәселені халық бірауыздан қолдайды сірә.

Берік Дүйсенбай, Әлібек Әлиев