Парламент депутаттары 6 Конституциялық заң жобаларын екінші оқылымда мақұлдады. Олар «Президент туралы», «Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі», «Халық Кеңесі», «Астананың мәртебесі», «Әкімшілік-аумақтық құрылыс», сондай-ақ «Сайлау туралы» туралы заң жобалары.
Парламент «Президент туралы» Конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады. Құжат Президенттің мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісіп және кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жоғары лауазымды тұлға ретіндегі рөлін бекітеді. Алдағы уақытта Парламент «Құрылтай» болып өзгереді. Оның мемлекеттік билік жүйесіндегі орны, қызмет қағидалары бүгін қабылданған заңда анықталды. Ол бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутаттан құралады. Елімізде сонымен қатар осы Құрылтайға ұсыныс білдіріп, заң жобаларын ұсынатын Халық кеңесі құрылады. Оның қызметін ұйымдастыру, жұмысын үйлестіру туралы да арнайы заңа бүгін қабылданды.
Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
-Қазақстан халқының әр этнобірлестіктерден, қоғамдық ұйымдардан, мәслихаттардан, жасы 18-ден асқан азаматтардың осы Қазақстан Халық Кеңесінің мүше болу мүмкіндігі және осы Кеңес арқылы өздерінің ұсыныс-пікірлерлін, өзекті мәселелерді біріншіден заң тұрғысында заң жобасы арқылы Құрылтайға енгізу құқығына ие болып отыр.
Сайлау жүйесін жетілдіру. Құжат өткен сайлау науқандары барысында туындаған мәселелерді ескере отырып әзірленген. Енді бір адам бірден бірнеше сайлау округі бойынша кандидат ретінде ұсыныла алмайды.
Мұрат Қадырбек, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
-Сайлау рәсімдерін жаңадан қабылдаған конституцияның нормаларына сәйкестендіру мәселелері қаралды. Сонымен қатар сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету, сайлаудың ашықтығын қамтамасыз ету, жәнеде сайлау комиссияларының құзыреттеріне қатысты мәселелер қаралып толықтырылды.
Әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелері бойынша жаңа тәсілдер Конституциялық заң деңгейінде бекітілді. Құжатта облыстардың, аудан мен қалалар, ауыл және өзге де елді мекен түрлерінің мәртебесі айқындалған. Олардың шекарасы, құрылысы, жұмыс істеуі сияқты сұрақтар қамтылыпты.
Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Нақты жерігілікті өкілетті және атқарушы органдардың міндеттері мен құзыреттері нақтыланды. Кейбір урбанизацияға байланысты шекарасы кеңейіп жатқан қалалардың мүмкіндіктерін, ондағы нысандардың қайсысы есептеледі, нысандардың қайсысы сол қаланың бірлігіне жатады, жатпайды соның барлығы нақтыланды.
Ал Астананың мәртебесі туралы заңда елорда инфрақұрылымын дамыту мен басқару ерекшеліктері қамтылыпты. Бүгінде бас қала мемлекеттік институттар шоғырланған, іскерлік, экономикалық және инфрақұрылымдық даму орталығы болып қалыптасты. Сондықтан оны басқару, дамыту және одан әрі жетілдіру мәселелеріне жүйелі тәсіл қажет болыпты.
Ердәулет Ыбырайұлы, Аманжол Байғазин