Қазақстан Халық партиясы кандидаттар тізімін тіркетті

  • 63
  • 20.07.2026, 19:35

Қазақстан Хлық партиясы да Орталық сайлау комиссиясында ресми тіркеуден өтті. Саяси ұйым төрағасы: «Жаңа адам қатарға түрлі саладан көптеп қосылуға тиіс»,-дейді. Құрылтайда экономика мен саясаттағы түйткілдер ғана емес, өнер мен мәдениеттегі өзекті мәселелер де көтеріледі. Сондықтан сан-саланың мамандарын бір арнаға тоғыстырғанды жөн көріпті. Партиядан 72 үмітркерге куәлік берілді.

Нұрсұлтан Шоқанов, Қазақстан Халық партиясының төрағасы:

-Құрылтай – экономика, өнеркәсіп, энергетикағ медицина, мәдениет пен білім беру және өңірлерді дамыту мәселесі көтерілетін жер. Сол салалардағы мамандар біздің тізімге негіз болды. Олар проблеманы қалай рәсімдеп, қарапайым тілде халыққа жеткізуді біледі. Кандидаттар қатарында облыстарды басқарған, құрылысқа жауапты болған, жер қатынастары, инфрақұрылымды білетіндер бар.