Құрылтай сайлауы: Ақмолада 759 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді

  • 66
  • 20.07.2026, 19:36

Ақмола облысында Құрылтай сайлауы күні 759 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Саяси науқан барысын түрлі деңгейдегі комиссия мүшелері қадағалайды. Қазір олар арнайы оқытудан өтіп жатыр. Облыста 517 мың сайлаушы бар. Оларға қолайлы жағдай жасау үшін учаскелерде 200-ге жуық сервистік қызмет пен жедел тіркеуге арналған 8 пункт жұмыс істейді.

Манарбек Сәдуов, Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

-Ақмола облысы бойынша бізде 759 сайлау учаскесі бар. Оның 696-сы бізде сайлаушылардың тұрғылықты жерінде, ал қалған 63-і ол уақытша орындарда. 21 колл-центр, орталық ашылды. Соған хабарласып, өзінің учаскесін білуге болады. Өзіңіз білесіз, 23 шілдеде сағат 18:00-де партиялар өздерінің үгіттік жұмысын бастайды. Сондықтан оларға баспа орналастыру керек, соған 693 орын дайындап қойдық.