Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды

  • 475
  • 31.08.2026, 17:10

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысады. Қазақстан Президентін «Манас» әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.