Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстанның Австриядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымында қызмет атқарды. Айта кетейік, Мұхтар Бескенұлы 2019-2023 жылдар аралығында еліміздің сыртқы істер ведомствосын басқарған болатын.