Президент 126 адамнан тұратын Халық Кеңесінің құрамын бекітті

  • 9
  • 22.09.2026, 18:30

Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган. Оның құрамына 126 адам алынды. Мүшелерінің өкілеттік мерзімі  4 жылды құрайды. Толық тізімі Ақорданың сайтына жарияланды. Халық Кеңесін құрудағы мақсат - қоғам мен билік арасындағы диалогты күшейтіп, мемлекеттік шешімдерді талқылауға азаматтық сектордың көбірек қатысуына мүмкіндік беру.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Еліміздің этникалық, аймақтық, әлеуметтік, қоғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстыратын жаңа құрылым заңнамалық бастама көтеру құқығына ие болады. Шын мәнінде, бұл бірегей орган. Осылайша қысқа уақыттың ішінде биліктің барлық негізгі институттары жаңғырып, алдағы реформаларға тың серпін береді», - деді.

Жандар Асан, саясаттанушы:

- Халық кеңесінің құрамындағы тек қана орталық өңірлерден ғана емес, сонымен бірге аймақтардағы, елді мекендердегі, маңызды мәселелерді көтеріп жүрген азаматтардың басын біріктіретін орган, осы орталықтан шешімін табатындай маңызды бір институт ретінде қарастыруға болады.