Қазақстан мен Бельгия университеттік ғылым және өнеркәсіп арасындағы ынтымақтастық бойынша тәжірибе алмасады. Сондай-ақ өзара тиімді жобаларды дамытады.
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов және Бельгиялықтар Королі мен Патшайым Матильда қатысқан қазақ-бельгия дөңгелек үстелінде айтылды. Назарбаев Университеті базасындағы жиында аса маңызды минералдар саласындағы мәселелер талқыланды.
Кездесу қорытындысына сәйкес, Қазақстан Үкіметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Король Филиппен келіссөздер барысында қол жеткізген уағдаластықтарының жүзеге асырылуын ерекше бақылауға алды.
Содан кейін Ғылым және жоғары білім министрі мен Назарбаев Университетінің президенті Король Филипп пен Патшайым Матильдаға отандық ғылыми-зерттеу әзірлемелерін таныстырды. Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект мектебі мен Ақылды жүйелер институты жүргізген зерттеулердің нәтижесін ұсынды. Кейін Бельгия Королі мен Патшайымы «Құрметті қонақтар» кітабына естелік жазба қалдырып, екі ел арасындағы әріптестіктің табысты өркендеуіне сенім білдірді.