Елбасы Мәскеуде Владимир Путинмен кездесті
Мәскеуде Владимир Путинмен кездесу кезінде Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Әңгіме барысында тараптар ЕАЭО аясындағы әріптестік мәселелерін талқылады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті қос ел қарым-қатынасы тату көршілік пен одақтастық қағидаттарына сәйкес дамып келеді деді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Все эти годы мы с Вами вместе работаем больше 20 лет. Межгосударственные отношения сложились, они созданы, все документы подписаны, договор о дружбе, сотрудничестве, союзничестве в XXI веке мы подписали, и с тех пор Россия для Казахстана партнер номер один в экономике и в политике. С Вашей подачи я стал Почетным Председателем Евразийского союза. Есть трудности, но я считаю, что эта интеграция работает, имеет большую перспективу. Я, как Почетный Председатель, буду этому способствовать. Я приехал, чтобы посетить Московский государственный университет, в связи с этим изъявил желание встретиться с Вами. Есть о чем поговорить. Я очень Вам благодарен.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин білім мен ғылым саласындағы қарым-қатынасқа ерекше назар аударды. Бұдан бөлек тараптар халықаралық күнтәртібіндегі мәселелер төңірегінде пікір алысты. Ресей басшысы болса, Елбасының интеграциялық ынтымақтастық пен мемлекеттер арасындағы стратегиялық байланысты нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:
- Сіз қазіргі Қазақстанның негізін қалап қана қоймай, посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістерге бастамашы болдыңыз. Нәтижесінде бұл ЕАЭО-ның пайда болуына септесті. Сіз бұл идеяны одан әрі дамытып келесіз, сол үшін алғысымды айтамын. Екіжақты байланыстарға тоқталатын болсақ, Сіздің бастауыңызбен Қазақстан мен Ресей стратегиялық әріптестік орнатты. Әрі бұл қарым-қатынас сәтті жүзеге асып жатыр. Саяси диалог жалғасты. Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен үнемі кездесіп тұрамыз. Үкіметтер де қарқынды жұмыс істейді. Өткен жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы 19,7% өсіп, 20 млрд долларға жетті. Бұл – жақсы көрсеткіш.