Қазақстан мен Өзбекстан еңбекші мигранттардың құқықтары туралы келісімді ратификациялайды
Депутаттар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы еңбекші мигранттардың еңбек қызметі және олардың құқықтарын қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы заң қабылдады. Келісімді ратификациялау еңбек көші-қоны процесін реттеу және екі мемлекеттің еңбекші мигранттарының құқықтарын қорғау үшін құқықтық негіз ұсыну саласындағы елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
Уағдаластықтарға сәйкес еңбекші мигранттар қабылдаушы мемлекеттің заңдары мен еңбек шартының талаптарына сәйкес демалуға, айналасындағы адамдар үшін қауіп төндіретін аурулар кезінде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін алуға құқылы. Сонымен қатар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізіміне кірмеген медициналық қызметтер ақылы негізде немесе ерікті медициналық сақтандыру аясында көрсетіледі. Еңбекші мигранттардың төлемі мен басқа да еңбек жағдайлары қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес жұмыс берушімен еңбек шартында реттеледі. Бұл ретте еңбекақы төмен болмауға, ал еңбек жағдайлары қабылдаушы мемлекеттің азаматтарына қарағанда қолайлылығы жағынан төмен болмауы тиіс. Бұдан басқа еңбекші мигрант қайтыс болған не еңбек міндеттерін атқаруына байланысты мертіккен жағдайда жұмыс беруші қабылдаушы мемлекеттің заңнамасында белгіленген төлемдер мен өтемақыларды жүзеге асырады. Ратификациялау басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды талап етпейді және қосымша қаржылық шығындарға әкелмейді.
Ақпарат көзі: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі