2021 жылы 700 мың салымшы БЖЗҚ ақшасының бір бөлігін пайдалана алады
Ел дамуының даңғыл жолын көздейтін Президент Жолдауында айтылған барлық бағыт ел тағдыры үшін екені белгілі. Әлемді пандемия жайлаған шақта тап қазір Президент айтқан салаларды дамыта түсуге басымдық беріледі, олардың халық өміріндегі мән-маңызы ерекше.
Индира Жылқайдарова, тілші:
- Елдің ертеңгі бағыты, жүретін жолы, өсу жолындағы мұраты айқындалды. Парламенттің қос Палатасының отырысында жарияланған Жолдауда қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтитын тегеуріні мықты әлеуметтік саясаттың басым бағыттары анықталды. Жалпы осы күнге дейін халықтың БЖЗҚ-дағы қаражатын қажетіне жарату туралы талай айтылып жүрді. Президент нақты осыған қатысты тапсырма берді. Жылдың соңына дейін Үкімет пен Ұлттық банк бірлесіп, осы тапсырманы орындау үшін құқықтық-нормативтік құжат әзірлеуі тиіс. Яғни 2021 жылы 700 мың салымшы БЖЗҚ ақшасының бір бөлігін баспана алуға, емделуге немесе компанияны басқаруына беру үшін алуға құқылы.