Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарын реформалау жөнінде кеңес өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда айтқан құқық қорғау саласы мен сот жүйесін реформалаудың негізгі мақсаты – осы. Мемлекет басшысы осы саланы реформалау жөнінде арнайы кеңес өткізді. Жиында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етудің үш буынды моделін құру және құқық қорғау органдары мен сот жүйесі өкілеттіліктерінің аражігін ажырату мәселелеріне басымдық берілді.
Президенттің пікірінше, аталған жүйе заңдылық пен әділеттілікті қалыптастырудың кепілі болуға тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асырудың негізгі бағыттарын белгілеп, құқық қорғау органдары басшыларына нақты тапсырмалар берді.