Мемлекет басшысы Ақтоты Райымқұлованы қабылдады
Сала жетекшісі Президентке министрліктің жұмысы жөнінде баяндады. Атап айтқанда, Ақтоты Райымқұлова мәдениет, спорт, туризм, тіл саясаты, ономастика мәселелері жайында айтты. Сонымен қатар Мемлекет басшысының бұған дейінгі тапсырмалары бойынша есеп берді. Мәдениет және спорт министрі бұқаралық спортты дамыту жұмыстарының қарқынды жүріп жатқанын атап өтіп, қызметкерлердің еңбек ақысын көбейту мақсатында қолға алынған бастамалар туралы айтып берді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауда айтылған басым бағыттарды тиісті деңгейде жүзеге асыруды тапсырды.