Президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының есебін тыңдады
Яғни кәсіпкерлер алған кредиттің проценттік мөлшерлемесі осынша төмендетіледі. Бұл жайында Президенттің қабылдауында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы айтты. Кәсіпкерлер алған несиелердің денінің проценттік мөлшері 12-15% төмен еместігін ескерсек, бұл үлкен көмек болмақ. Мадина Әбілқасымова Президентке бұрын берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде есеп берді. Мысалы агенттік тұтыну несиелерінің шектен тыс артпауын қадағалап отырмыз дейді. Сондай-ақ агенттік басшысы Президентке сақтандыру және бағалы қағаздар нарықтарын жетілдіруге бағытталған заңнамалық нормалардың дайындалып жатқанын айтты. Сақтандыру нарығын жетілдіру жөніндегі заң арқасында халықтың зейнетақы және инвестициялық сақтандыру қорларының жұмысына араласуы артып, сол арқылы азаматтардың жинағы еселене түспек. Қасым-Жомарт Тоқаев агенттіктің жұмысын оң бағалап, қаржы нарығын одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.