Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысы әкімін қабылдады
Осы мүмкіндікті кеңінен пайдалану үшін өңірде мал азығын көбейту, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, өндіріске жаңа технологияларды енгізу көзделіп отыр. Бұл жайында Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған аймақ басшысы Оңдасын Оразалин айтып берді. Сондай-ақ аймақ басшысы Президентке Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, өңірдегі эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады. Облыс әкімі өңірдің көлік-логистикалық әлеуетінің жоғары екенін атап өтіп, аймаққа инвестиция тарту жоспарымен де бөлісті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Оңдасын Оразалинге Ақтөбе облысында экономикалық өсімді қамтамасыз етуді, халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерді ұдайы назарда ұстап, оны ретімен шешуді, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында көп жұмыс орындарын ашуды тапсырды.