ШҚО коронавирустық инфекцияның екінші толқынына қызу дайындалып жатыр
Бұл жайында Президенттің қабылдауында болған ШҚО әкімі Даниал Ахметов айтты. Облыс басшысы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде атқарылған жұмыстар жайында да Президентке баяндады.
Әкімнің айтуынша, Өскемен – Талдықорған, Семей – Майқапшағай күре жолдары қазан айының соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, Даниал Ахметов Абайдың 175 жылдығы аясында жасалған жұмыстардың нәтижесімен таныстырды. Биыл Семей қаласындағы автомобиль жолдары жөнделіп, 300 балаға арналған мектеп салынған. Тұрғын үй құрылысының қарқыны артып, мұражай кешені толықтай жаңартылған. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын қадағалап, облыстың ауылшаруашылық саласындағы экспорттық әлеуетін арттыруды тапсырды.