Хабар телеарнасы

Қарағанды облысында биыл 27 500 жаңа жұмыс орны ашылды

Әкімнің айтуынша, өңірдің экономикалық өсу қарқыны жаман емес. Сегіз айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісі 2,6% өскен. 45 инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр, жыл соңына дейін шетелдік капиталдың қатысуымен алты жаңа кәсіпорын іске қосылмақ. Президентке облыстағы коронавирус індетінің алдын алу және оның екінші толқынына дайындық жағдайы да айтылды. Қазан айында Абай, Балқаш, Теміртау және Шахтинск қалаларында төрт жұқпалы аурулар ауруханасын қайта құру және жөндеу жұмыстары аяқталмақ.

Сондай-ақ Жезқазғанда 200 төсектік модульді жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы аяқталады. Осылайша облыста төсек қоры 5 200 орынға дейін ұлғайтылады. Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша жаңа жұмыс орындарын ашу, өңірге инвестиция тарту және аймақты дамытуға қатысты басқа да бірқатар тапсырма берді.