Ерлан Тұрғымбаев құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады
Министр карантин кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Сондай-ақ жеке құрамды індеттен қорғау шаралары туралы айтты. Ішкі істер органдарының халықпен өзара іс-қимылы және қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жасалып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді. Елбасы: «Мемлекеттік органдардың қоғам үдесінен шыға білгені жөн», – деді. Жұртшылықпен тікелей диалог орнатып, азаматтармен кері байланысты жолға қою үшін қазіргі платформалардың жұмыс форматын қайта қарау қажеттігін тапсырды. Басты мақсат халықтың құқық қорғау жүйесіне деген сенімін және қызметтің тиімділігін арттыру керектігін айтты. Саланы реформалау жөніндегі тапсырмаларын сапалы орындаудың маңыздылығын атап өтті.