Хабар телеарнасы

Президентке Е.Досаев ақша-кредит саясатын іске асыру барысы жөнінде мәлімет берді

Кездесу барысында Мемлекет басшысына тоғыз айдағы ақша-кредит саясатын іске асыру, Ұлттық банктегі алтын валюта резервтерінің жай-күйі және Ұлттық қордың активтері туралы баяндалды. Бұдан бөлек Ерболат Досаев Мемлекет басшысына Ұлттық Банк қаржыландыратын дағдарысқа қарсы бастамалардың орындалу барысы жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ жыл соңына дейінгі және 2021 жылға арналған Қазақстанның экономикалық дамуына қатысты болжамын ұсынды. Кездесу қорытындысы бойынша Президент елдің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.