«Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Назарбаев праймериздегі онлайн дауыс беруге қатысты
Елбасы ішкі партиялық іріктеуге қатысушылардың үгіт-насихат жұмыстарын және қоғамдық пікірталастарды мұқият бақылағанын атап өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті үгіт-насихат пен пікірталастар кезінде партия назарға алуға тиіс бірқатар конструктивті ұсыныстар айтылғанына тоқталды.
«Нұрсұлтан Назарбаев барлық партия мүшелерін дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды», – делінген жазбада.