Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Э.Рахмонды құттықтады
Ел Президенті әріптесіне бауырлас халықтың игілігіне асырып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне сәттілік тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның екі елдің достығы мен ынтымақтастығына қосқан сүбелі үлесін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы алдағы уақытта да өзара саяси диалог орнату арқылы Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық серіктестігі нығаяды деп сенім білдірді.