Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады
Бағасы да қолжетімді болмақ және қаланың дамуына шетелдік инвестиция тарту ісі қолға алынады. Ақордаға арнайы шақырылған Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновке Мемлекет басшысы осындай тапсырма берді. Президентпен болған екеуара әңгімеде қала инфрақұрылымын жақсарту, бөлшек сауданы дамыту, жұмыссыздықты жою туралы да сөз болды. Шаһар басшысы жұмыссыздықты жою үшін 226 жоба жүзеге асырылып жатқанын айтты. Оған бөлінген 45 млрд теңгенің 80% ойдағыдай игердік деді. Сондай-ақ қала басшылығы коронавирустың ықтимал екінші толқынына қарсы қамданып үлгеріпті. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған жұмыстарға оң бағасын берді.