Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрді қабылдады
Бұл жайында Президенттің қабылдауында болған Асқар Мамин айтып берді. Үкімет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тоғыз ай ішіндегі елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөнінде есеп берді. Премьер-Министрдің мәліметінше өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс көлемі артқан. Ауыл шаруашылығындағы өсім көрсеткіші 5%. Үкімет басшысының айтуынша қыркүйекте қызмет көрсету саласындағы белсенділік қайта қалпына келе бастады. Бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуына және азаматтардың әл-ауқатының жақсаруына ықпал етеді. Премьер-Министр 11-ші және 12 қазан күндері Абу-Даби қаласына жасаған жұмыс сапарының қорытындыларына да тоқталды. Екі ел Үкіметтері Инвестициялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, құны 6,1 млрд доллар болатын 21 жобаны жүзеге асыруға уағдаласқан.