Н.Годунова: Экономиканы қолдауға және пандемиямен күреске бағытталған қаражат қатаң бақылауда
Алдын ала қорытындыға сай, 940 миллиард теңгедей қаржының жұмсалуына тексеру жүргізілген және жоспарлануы мен жұмсалуына қатысты бірқатар заң бұзушылық тіркеліп отыр.
Кездесуде агроөнеркәсіп кешенін қолдауға бөлінген қаржының жұмсалуы және «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының» жүзеге асырылуы туралы да есеп берілді.
Сонымен қатар Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа алдағы 3 жылға арналған республикалық бюджет жобасын бағалау қорытындысымен таныстырды. Квазимемлекеттік секторға жүргізілетін аудиторлық жұмыстардың жалғасатынын айтып, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуын тексеру қорытындыларын баяндады. Әрі жыл соңында Президентке экономиканы қолдауға бөлінген қаржының жұмсалуы жөнінде толыққанды мәлімет ұсынатынын жеткізді.