Қ.Тоқаев Қырғызстан Президентінің міндетін атқарушы, Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
«Біз Қырғызстанның саяси тұрақтылығы мен экономикалық тұрғыдан өсіп-өркендеуіне тілекшіміз. Қазақстан осындай қиын уақытта бауырлас елді әрдайым қолдаған және қолдай береді» деген Қазақстан Президенті Қырғыз елімен одақтастық қарым-қатынастарды тереңдете беруге бейілді екенін білдірді.