Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

Мемлекет басшысына Ата Заңның әлеуетін жан-жақты іске асыру және елдегі заңдылық жүйесін нығайтуға бағытталған ұсыныстар туралы ақпарат берілді. Ұсыныстардың бір бөлігі Конституциялық Кеңестің құқықтық негізін одан әрі жетілдіру және азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдігін күшейтуге байланысты келіп түскен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция Қазақстанның мемлекеттілігі мен еліміздің стратегиялық дамуының негізі екенін айтты.