Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады

Сондай-ақ институттың су қауіпсіздігі, табиғи қауіп-қатерлер, экология мен картография бағыттарындағы зерттеу жұмыстары туралы мәлімет берілді.

Президент Арал теңізі, Сырдария мен Жайық өзендері және басқа да бірқатар су қоймаларына қатысты проблемаларды шешу жолында су қауіпсіздігін зерттеу мәселесінің маңызды екенін айтты.