Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
Президент сапар барысында құрылысы биыл аяқталған білім және спорт орталықтарының жұмысымен пандемия кезіндегі өңірде білім беру процесін ұйымдастыру ісімен танысады. Мемлекет басшысы бірқатар индустриалды өндіріс орнын аралап көріп, аймақта жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалармен және «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының даму барысымен танысады деп жоспарланған. Сонымен қатар «АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық комбинатына барады.