Тұрмыстық зорлық-зомбылық 30 процентке өскен
«Сондықтан қолданыстағы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі қажет. Солай істемейінше, мектеп оқушылары арасындағы түрлі сорақылықтарға да тосқауыл қою қиын», – дейді Қазақстан Коммунистік халық партиясының белсенділері.
Жағдай осылай жалғаса берсе, отбасы және гендерлік саясат тұжырымдамасында көрсетілген жасөспірімдер мен әйелдерге қатысты тұрмыстық-зорлық-зомбылықтардың мақсатты индикаторын 2030 жылға дейін 20 процентке дейін төмендету еш мүмкін болмайды. Аталған саяси ұйым мүшелері осы мәселелерді бірігіп талқылау үшін Талдықорғандағы полиция қызметкерлерімен, білім басқармасының басшыларымен және қоғамдық ұйымдар өкілдерімен кездесіп, Парламенттегі фракциясы арқылы Үкіметке бірқатар ұсыныс тастап, сауал жолдайтындарын жеткізді.
Сәуле Биғарова, ҚКХП Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшысы:
– Заңнамаға қатысты көп нәрселер дұрыс жұмыс жасамайды екен немесе өмірге сәйкес емес екен. Ең басты мәселе – бүгінгі күні ол осы заңнамаға қосымша кіргізетін бағыттар және де бар бағыттарды талқылап, соның кемшілігін табу.