Үгітшілерге насихат жұмыстарын үйретті
Яғни бұл азаматтар заң талаптарын, өздерінің құқықтары мен міндеттерін жетік білуі тиіс. Сондай-ақ семинар кезінде әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану жолдары үйретіледі. Насихат қағаздарын қайда ілу керектігі де айтылады. Еске салайық, Мәжіліс және мәслихат сайлауының үгіт-насихат жұмыстары желтоқсанның 10-ы күні кешкі сағат 18:00-де басталады.
Нұрдәулет Оразханов, ҚКХП қалалық комитетінің бірінші хатшысы:
– Үгіт-насихат материалдарын таратқан кезде тарихи құндылығы бар ескерткіштерге, егер жекеменшік объектілер болса, қожайындарының рұқсатынсыз клейт етуге болмайды. Одан бөлек басқа да саяси партияларға үгіт-насихатын жүргізу үшін ешқандай кедергі болмау керек.