Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сұхбаттасты
Мемлекет басшылары Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы достық пен бауырластыққа, тату көршілік пен стратегиялық серіктестікке негізделген екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды әрі қарай нығайтуға мүдделіліктерін растады.