Қазақстан мәдениеттер мен діндер арасындағы диалогты нығайтудың жарқын үлгісіне айналды
Дінаралық диалог жөніндегі Папалық Кеңестің төрағасы, кардинал Мигель Анхель Аюсо Гиксот арнамызға берген сұхбатында осылай деді.
Аюсо Гиксот, Дінаралық диалог жөніндегі Папалық Кеңес төрағасы:
– Діни көшбасшылар мен саясаткерлер күрмеуі қиын мәселелерді талқылау үшін бір үстел басына жиналады. Үйлесе отырып, жарастық табуда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі ешқашан өз маңызын жоғалтқан емес. Осы тұрғыда Қазақстанға және оның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысым шексіз. Ол діни алауыздық алаңдатқан әлемде тиімді әрі тағылымды пікір алмасу алаңына айнала білген жиынды 2003 жылы құрды.
Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз мемлекет құрумен қатар қоғам мен халықты біріктірді. Саясаттанушы Жаһандық талдаулар институтының төрағасы Тиберио Грацианидің пікірі осындай.
Тиберио Грациани, Жаһандық талдаулар институтының төрағасы:
– Нұрсұлтан Назарбаев қысқа мерзімде жаһандағы Қазақстанның орнын нығайтты. Ол әлемге ядролық қару мен соғысқа қарсы бағытталған бастамаларын ұсынды. Қазақстан Орталық Азиядағы көршілес барлық елмен, сондай-ақ Ресей және Қытаймен жақсы қарым-қатынас орната алды.