ҚХП есірткі жарнамасын жою жолдарын ұсынды
Тұрғын үйлердің қабырғасына нашақорлық заттары сатылатын электронды мекен жайларды жазып кету деректері тыйылмай тұр. Онлайн жиында партиялықтар Ішкі істер органдарының өкілдерімен бірге мәселені жан-жақты саралады.
Саяси ұйым ең алдымен аулаларда бейнебақылау құрылғыларын көбейтуді ұсынды. Сонымен қатар тұрғындарға кеңінен түсінік жұмыстарын жүргізу керектігі айтылды. Есірткіге қатысты жасырын жарнама көрген адамдар бірден тәртіп сақшыларына хабарлауы тиіс. Партиялықтар бұл бағытта полиция мен бұқара байланысын нығайту шараларының маңызына тоқталды.
Ниязбек Есенәлиев, ҚХП БҚО филиалының хатшысы:
–Үйдің бұрыштарында, жарда ондай «Телеграм» немесе «Инстаграмның» адрестерімен жазылған соларды алдын алу керек. Мектептерде үгіт-насихат өткізіп, ондайдың дұрыс еместігін, нашақорлыққа қарсы күресті көбейту керек.