Президент Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұны тарихи шешімге балады. Өйткені бұл келісім аймақтағы бейбітшілікті қамтамасыз етері сөзсіз. Бүгін ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары кеңестің кезекті сессиясын өткізді.
Биылғы жиынға Ресей төрағалық еткені белгілі. Жиын бейнеконференция форматында болды. Отырыста сөйлеген Қазақстан Президенті экстремизм, терроризм, есірткі саудасы, киберқауіпсіздік және заңсыз көші-қондағы жаһандық қауіп-қатерлердің артып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді. Осындай сәтте бейбітшілікті нығайтып, аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін аталған ұйымның рөлін күшейту маңызды екендігіне тоқталды. Жиын соңында Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы мен арнайы мәлімдеме қабылданды. Кеңеске келесі жылы Тәжікстан төрағалық етеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше болу – Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдыққа ие бағыттардың бірі саналады. Өйткені бұл ұйым халықаралық саясаттың негізгі факторына айналып үлгерді. Сондай-ақ Еуразия құрлығының басым бөлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде оң рөлге ие болып отырғаны қуантады. Біз бұрынғыша бейбітшілік, қауіпсіздік жолында тиімді шешімдер қабылдап, серіктестерімізбен белсенді түрде жұмыс жүргізуге дайынбыз. Біздің бүгінгі кездесуіміздің күн тәртібі айтарлықтай мазмұнды. Қабылданған құжаттар халықаралық диалогты бекемдеп, дамытуда және жаһандық, аймақтық проблемаларды шешуде ортақ пікірде екенімізді көрсетеді.