Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Үкімет басшысы отандық вакцинаны әзірлеу барысы жайында баяндады.

Асқар Маминнің айтуынша, 29 қарашада клиникалық сынақтардың 1-ші және 2-ші кезеңдері аяқталған. Вакцинаның кері әсері байқалған жоқ және оның тиімділігі жоғары. Енді 25 желтоқсаннан бастап клиникалық сынақтардың үшінші кезеңінде отандық вакцина 3 мың еріктіге егіледі. Сынақтар 2021 жылы наурыздың соңына қарай толық аяқталады.