Мемлекет басшысы есеп комитетінің төрағасын қабылдады
Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп комитетінің жыл басынан бері атқарған жұмысы мен Ұлттық экономика министрлігінде жүргізілген тексерудің қорытындысын баяндап берді. Кездесу барысында бюджетаралық қатынастар және өңірлік дамудың өзекті проблемалары талқыланды. Мемлекет басшысы дәл осы мәселені Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында талқылауды ұсынды.