Қазақстан Президенті «Теңізшевройл» ЖШС-ның бас директорын қабылдады
Компанияның бас директоры Имер Боннер Ақордаға арнайы келіп, Президентке есеп берді. Кездесуде көмірсутегі секторындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы мен компанияның алдағы даму перспективасы туралы да айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев «Теңізшевройл» компаниясы іске асырып жатқан жобаларда қазақстандықтардың қамтылуына ерекше назар аударды. Сондай-ақ Имер Боннерге Қазақстанның мұнай-газ саласына қосқан үлесі мен компаниядағы табысты жұмысы үшін ризашылығын білдірді.