Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді
Елордадағы «Астана Опера» театрында орналасқан №115 сайлау учаскесінде тіркеуден өткен Елбасы: «Сайлау тек саяси шара емес, бұл – елдің болашағы», – деп баға берді. Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды саяси науқанға қатысып, конституциялық құқығын орындауға шақырды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Nur Otan партиясының Төрағасы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Құрметті отандастар, қазақстандықтар! Бүгін біздің елімізде үлкен саяси ауқымды шара жүріп жатыр. Бұл – еліміздің жергілікті мәслихаттары депутаттарын, Мәжіліс депутаттарын сайлау. Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл толайын деп отыр. Бұл тек қана сайлау учаскесіне келіп, бюллетеньді түсірудің мәселесі емес, бұл кезде әр елдің азаматтары өзінің бірлігін, парасаттылығын, болашаққа деген үмітін көрсетеді. Бұл сайлау жай ғана келіп дауыс беру ғана емес, ол – еліміздің болашағы деген сөз. Қазақ елінің, Отанымыздың болашағы бір, үміті бір, мүддесі бір. Біздің қанымыз бен жанымыз бір, жеріміз бір. Сондықтан бүкіл дүниенің алдында тағы бір рет бірлігімізді көрсетуіміз керек. Бұл сайлауды біз болашақ үшін, бірлік үшін, еліміздің ішіндегі тыныштық үшін өткізетін боламыз. Сондықтан әлі дауыс бермеген азаматтарға сайлау участкесіне келіп, өзінің азаматтық, конституциялық құқығын орындауға шақырамын.
Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің 30 жылдығы туралы орамды ойын да ортаға салды. Елбасының айтуынша, атқарылған іс аз емес. Бірнеше дағдарысты басынан өткерсе де, Қазақстан және оның халқы барлық қиындықта біріге білді. Осылай деген Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың алдында тұрған ендігі екі міндетті атады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Nur Otan партиясының Төрағасы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Я лично как ваш Президент 6 раз проходил через такие выборы. Разные были периоды, вы помните. Сложности огромные были, мы прошли несколько кризисов, юговосточный кризис 1998 году прошлого века, огромный, великий финансовый кризис 2007 – 2009 года этого века, и вот сейчас находимся в условиях пандемии который охватил весь мир. Благодаря организованности принятым государством мерам мы находимся в зеленой зоне. То есть меньшими рисками чем другие государство. Перед нами задачи стоят, первое – это преодолеть эту пандемию, перейти в спокойную жизнь. Второе наметить программы выполнить посткризисное развитие, преодолеть кризис потому что было снижение экономики, мы должны это преодолеть и встать на путь устойчивого развития. Я об этом абсалютно уверен. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Болашағымыз жарқын болсын!