Микроқаржылық ұйымдардың қызметін лицензиялау міндеттелді
Президент тапсырмасымен дағдарысқа тап болған шағын және орта бизнес өкілдерінің барлық несиесі жылдық 6% көрсеткішпен субсидиялана бастады. Нарықтағы осы шаруалардың атқарылу барысын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Президентке баяндады. Сондай-ақ 1 қаңтардан бастап барлық микроқаржылық ұйымның, оның ішінде ломбардтар мен онлайн-кредиттеу компанияларының қызметін лицензиялау міндеттелді. Бұл олардың есеп беруін, ашықтығын және жауапкершілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қасым-Жомарт Тоқаев агенттікке қаржы нарығында тұтынушылардың құқын қорғауды, қор нарығын дамытуды міндеттеді. Дағдарыс салдарын еңсеру үшін экономиканы кредиттеудің маңыздылығына назар аударды.