Қасым-Жомарт Тоқаевқа электронды арыз-шағымдар қызметі жүйесі таныстырылды
Бұл жайында Президенттің қабылдауында болған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты. Бұл бюджеттің миллиардтаған қаржысын үнемдеуге мүмкіндік бермек. Сондай-ақ министр Қазақстанда байланыс сапасының талаптары бекітілгенін хабарлады.
Енді байланыс сапасының параметрлерін бұзғандар бір 1000 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Бұған дейін Қазақстанда байланыс сапасының төменгі шегі регламенттелмеген болатын. Министр Президентке «eGov mobile» қосымшасына биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізу жөнінде айтты. Бұл мемлекеттік қызметтерді алуды оңай әрі тездете түседі.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа электронды арыз-шағымдар қызметі жүйесі таныстырылды. Бұл жүйе арқылы қазақстандықтар компьютер түймесін бірнеше мәрте басу арқылы өтініш-шағымдарын жіберіп, түрлі органнан жауап ала алады. Аталған жобаны Президент құптап, оны тиімді енгізуді тапсырды. Бағдат Мусин елдегі 115 Халыққа қызмет көрсету орталығының бәрін жаңартуға уәде етті.